RU UA PL EN KZ
(044) 494-35-38
td@euroformat.com

Шуылдан қорғау экрандары

antinoise

Қазіргі заманғы автокөліктер үлкен жиілікті диапазоны бар шуылдың көзі болып табылады (63-тен 8000 Гц дейін), бұл маңында орналасқан аумақтарға арналған рұқсат етілген санитарлық-гигиеналық нормалардан анағұрлым артық. Шуыл күшінің тірі ағзаларға келтіретін зияны туралы көптеген ғылыми еңбектер жазылған, сол себептен елді мекендердің, демалыс зоналарының және басқа іргелес жатқан елді аймақтар шегіне шуылдан қорғау қоршауларын орнату міндетті болып табылады.

Евроформат компаниясы ТШ У 28.1 -32453930-005:2009 “Шуылдан қорғайтын Евроформат экрандары” сәйкес автокөлік жолдарын қоршауға арналған шуылдан қорғайтын экрандар шығарды және жасайды, олар механикалық және акустикалық сынақтардан сәтті өткен.

Шуылдан қорғау экрандарын шығару барысында компания мамандары әртүрлі аудандардың жел күшіне қойылатын отандық нормалардың талаптарын және еуропа нормативтерін (EN 14388:2005, EN 14389:2004, EN 1794-1:2003, EN 1794-2:2003) басшылыққа алды, сонымен бірге осы саладағы отындық және шетелдік ғалымдар мен мамандармен қызметтестігі.

Біздің компания ТШ У 28.1-32453930-005:2009 сәйкес шуылдан қорғау экрандарын жасап шығарады, сонымен бірге материалдар баррлық санитарлық және құрылыс талаптарына сәйкес келеді: ГБН В.2.3-37641918, ДБН В.1.1-31:2013 және тұрғын аймақтарды және жайларды шуылдан қоғауға, және сонымен қатар технологиялық жабдықтардың барлық түрін олармен келтірілетін шуылды сіңіру және азайту мақсатында жергілікті қоршау үшін пайдаланыла алады.

Құрылымы және оның тиімділігі

Шуылдан қорғау экраны өзінше құрылым болып келеді, оның құрамына кіретіндер:

– іргетас;

– металлдан жасалған таяныштар;

– акустикалық құрылымдық элементтер;

– нығыздаушылар және бекіткіштер.

Функционалдық тағайындалуы бойынша шуылдан қорғау экрандары екі түрге бөлінеді —шуыл шағылыстыратын (мөлдір және күңгірт) және шуыл сіңіретіндер (күңгір, толтырындысы бар – минералды мақта).

Дыбыс толқындарының таралу заңын назарға ала отырып, орындалуы максималды шуылдан қорғау қоршауын алуға мүмкіндік беретін талаптар мен шарттарды ескеру қажет:

1. Акустикалық жоба

– экранның геометриялық өлшемдерін, кескіндемесін және орналасуын анықтау мақсатында акустикалық есептеулерді дұрыс орындау;

2. Құрылыстық жоба

– экран геометриясы бойынша акустикалық жоба талаптарына сәйкес, желді ауылдың геологиясын, геодезиясын және нормаларын ескере отырып, іргетастың тиімді нұсқасы дайындалады;

3. Сапалы құрылымдық элементтерін қолдану

– барлық металл бөлшектерге арналған міндетті тотығуға қарсы қорғаныс;

– экран құрылымындағы акустикалық элементтердің 24 дБа кем емес дыбыс оқшаулау көрсеткіші болуы тиіс;

4. Құрастыру

– экран құрылымын жинау барысында дұрыс құрастыру жұмыстарын орындау маңызды фактор болып табылады;

– экран төсемінде үзілулердің болуына (контрэкран қолдануды қоспағанда), құрылымның өзінде және құрылым мен жол төсемінің араларында жарықтар мен саңылаулардың болуына жол берілмейді.

konstr logo

Шуыл сіңіретін экрандар

Негізгі құрылымдық элемент – шуыл сіңіруші панель. Панель қалыңдығы 0,7-1,2 мм, болатын, кейінгі полимермен қапталатын, мырышпен қапталған металлдан жасалады (RAL сәйкес кез-келген түс). Шуыл сіңіретін панель перфорациясы жоқ, және алдыңғы қабырғасы перфорацияланған болуы мүмкін, ол сіңіру мүмкіншілігін арттырады (сіңіру коэффициенті). Панель қорап пішінді және гидрооқшаулау қабыршағындағы минералды мақтамен толтырылады (тығыздығы 75-тен 175 кг/м.текшеге дейін).

Шуыл шағылыстыратын экрандар

Негізгі құрылымдық элемент – шуыл шағылыстырушы кассета, ол акрил шыныдан немесе монолитті поликарбонаттан жасалады (төзімділік шекарасы 60 Мпа кем емес, жарық өткізгіштік қасиеті 88% кем емес). Жоғары жарық өткізгіштік қасиетінің арқасында шуыл шағылыстырушы экрандардың шолу мүмкіншілігі бар және “туннельдік әсерді” болдырмайды.

Қиыстырылған экрандар

Қиыстырылған экрандар – бұл, шуыл сіңіруші панель мен шуыл шағылыстырушы кассетаның үйлесуі.

Негізгі артықшылықтары

1. Шуылдан қорғаудың максималды мүмкін болу тиімділігі

– 35 дБа төмен емесе көрсеткіші бар акустикалық құрылымдық элементтерді қолдану

2. Жоғары тұтынымдық сипаттамалары, құрылымның ұзаққа төзімділігі

– экран құрылымындағы барлық металлдан жасалған бөлшектер ыстық мырышпен қаптау тәсілімен өңделген, қаптау қалыңдығы МЕМСТ 9.307-89 сәйкес 80 мкм кем емес, бұл өз кезегінде бұйымның қызмет мерзімін 30 жылға дейін ұзарта түседі.

3. Қарапайым әрі жылдам құрастыру

– экранның элементтерін өндіруге қатысты дұрыс қабылданған құрылымдық шешімдері құрастыру жұмыстарын жеңіл әрі шапшаң өткізуге мүмкіндік береді

4. Тапсырысты “толығымен дайын” күйінде кешенді орындау

– жобалау-өндіру-құрастыру.

Технологиялық жабдықтың шуылын азайту үшін шуылдан қорғау экрандарын пайдалану

Менеджермен хабарласу қажет

Контакты:

Дорожное оборудование
Телефон: +38 044 494-35-38
Факс:    +38 044 495-23-36
E-mail: td@euroformat.com
г. Киев, Украина, 04073,
ул. Куреневская, 21 лит. «Г»

Euroformat EU
Телефон: +48 61 22 34 159
Факс:    +48 61 44 85 515
E-mail: office@euroformat.com
ул. Ген. Тадеуша Кучебы 16Г/135
61-719 Познань
Польша