Жақтаулық таяныштар
Жақтаулық металл таяныштар барлық санатты автокөлік жолдарының жүру бөлігінің үстіңгі жағына ақпаратты-көрсеткіштік белгілерді, бағдаршамдарды, электронды таблоны, қозғалыс және ауа-райы хабарлағыштарын орнатуға арналған. Жақтаулық металл таяныштар жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жүргізушілер мен жолаушыларға тиісті жайлылық деңгейін жасауға, оларға ең қол жетімді және қолайлы тәсілмен жолайрықтар, нысандардың орналасқан жерлері туралы ақпаратты жеткізуге мүмкіндік береді.
Жақтаулық металл таяныштар 3. 503. 9-80 “Автомобиль жолдарындағы жол белгілерінің таяныштары” типтік жобасы бойынша дайындалады. Жақтаулар кескіндемесіне қарай үш түрлі таяныштарды бөліп атауға болады (әрбір түрінің бірнеше типтік өлшемі бар):
Г-тәрізді жақтаулық металл таяныштар (ГЖМ): биіктігі 6,05 м дейін, аралық ені 4,5 м бастап 6,3 м дейін.
Т-тәрізді жақтаулық металл таяныштар (ТЖМ): өлшемдері дәл ГМЖ сияқты, алайда құрылымы көлемдірек, себебі беларқа таяныштың екі жағынан шығарылады.
П-тәрізді жақтаулық металл таяныштар (ПЖМ): биіктігі 5,95 м-ден 6,6 м-ге дейін, аралық ені 15,75 м-ден 28 м-ге дейін.
Евроформат компаниясы жеңілдетілген жақтаулық металл таяныштар шығарады және жасайды. Барлық құрылымдар қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес.
Жеңілдетілген жақтаулық металл таяныштардың 3. 503. 9-80 “Автомобиль жолдарындағы жол белгілерінің таяныштары” типтік жобасымен салыстырғандағы негізгі артықшылықтары:
- Осындай функционалдық-тұтынымдық сипаттамаларындағы едәуір аз металлды қажетсінуі. Салмақ үнемділігі 4% -дан 58%-ға дейін;
- Ені 32 м П-тәрізді металл жақтаулар (ПЖМ) дайындау мүмкіндігі. Г-тәріздес (ГЖМ) және Т-тәріздес (ТЖМ) металл жақтаулар аралық ені 6,5 м және биіктігі 8 м-ге дейін өлшемде дайындалады.
- Негізгі әрекет етуші күштің бағытында оңтайлы қиманы қолдану, бұл тұтастай құрылымның салмағын төмендетуге мүмкіндік берді;
- Профильдердің қысқартылған және қолжетімдірек қатарындағы сұрыпталымын қолдану (диаметрі 159мм-ден 219мм-ге дейінгі домалақ құбырлардың тапшы позициясының жоқтығы);
- Құрастыру алаңындағы дәнекерлеу үдерістерінің жоқтығы, бұл құрастыру мерзімін қысқартуға, оның құнын төмендетуге және мырышты қаптамасын зақымсыз қалдыруға мүмкіндік береді;
- Құрылымның қазіргі заманғы архитектуралық көрінісі және құрылымының “жеңілдігі”. Құрылымның және жеке элементтерінің кішірейтілген габаритті өлшемдері, фасонкаларының, бұрыштық профильдерінің және қолайсыз жақтау арқылы жалғастыруларының жоқтығы;
- Аз салмақты құрылымдар қолайсыздығы төмен іргетастарды талап етеді.
Контакты:
Дорожное оборудование
Телефон: (044) 494-35-38;
Факс: (044) 495-23-36;
E-mail: td@euroformat.com
Адрес:
г. Киев, Украина, 04073,
ул. Куреневская, 21 лит. “Г”