RU UA PL EN KZ
(044) 494-35-38
td@euroformat.com

Жол белгілері

знаки инд

Жол белгілері

Жол белгілері – көше жолдарында және автомобиль жолдарындағы көліктердің және жаяу жүргіншілер ағынының қозғалысын ұйымдастыру сызбасының маңызды құраушысы. Ескеретін жайт, жол белгілерінің өз функциясын атқаруы ең бастысы, өндіріс технологиясынан және пайдаланылатын материалдарға байланысты болады. Жол белгі, жел және қар күшінің әсеріне, атмосфералық әсерге, итерілістер мен тас соғуларына, вандалдардың әдейілеп жасайтын әрекетіне және басқа факторлардың әсеріне қарамастан өзінің геометриялық өлшемін және пішінін сақтап қалуы тиіс. Сонымен қатар, жол белгісінің бейнесі, пайдаланудың барлық мерзімінде, өзінің фотометриялық және колориметриялық сипаттамасын сақтап қалуға, кешкі және түнгі уақыттарда, сонымен бірге тұманда, жауын-шашында немесе қар жаууда бейнені көру мүмкіншілігін қамтамасыз ету үшін, жеткілікті түрде жарық жарық шағылыстыру көрсеткіштерін қамтуы тиіс.

Негізгі артықшылықтары:

  • Жол белгілерін жасауға арналған материалдарды таңдау барысында, “Евроформат” компаниясы осы өнім түрін өндірудегі жеке өзінің тәжірибесіне ғана емес, сонымен қатар әлемдік материалдар мен технологиялар нарығының беталыстарын да, сонымен бірге шетелдік компаниялардың тәжірибесін басшылыққа алады.
  • Жол белгілерінің негіздері металл қалыңдығы 0,7-1,5 мм мырышпен қапталған болат табақтардан өндіріледі, оны кейінірек сыртқы жағынан полимермен қапталады. Қаттылықты қамтамасыз ету және жарақат қауіпсіздігінің деңгейін арттыру үшін барлық жол белгілерінің негіздерінде екі бүктелімі (арқаулық) болады.
  • Жол белгілерінің маскаларын өндіру барысында жетекші өндірушілердің жоғары сапалы материалдары қолданылады: “3М” Өзара байланысқан компоненттер жүйесінің арқасында максималды сапаға және бейненің ұзақ мерзімге төзімділігіне қол жеткізіледі. Жол белгілерінің маскалары, алдын-ала салды кесуімен аппликация әдіс арқылы дайындалады. Өндірістің бұл технологиясының басқа бейнені салу түрлерінің алдында (жібекпен жазу, басып шығару) артықшылығы бар және жол белгілерін жоғары сапалы, сенімді және ұзақ уақыт қызмет көрсеті мерзімінің ішінде сындарлы функционалдық күшті көтеру қабілетін бар етеді.
  • Жол белгілеріне бекітілген әмбебап бекітулер тоттануға қарсы қаптамамен қапталған (мырышпен қапталған).

Жеке жобалау белгілері

Жеке жобалау белгілері және бағдарлы бағдарлау сызбалары қозғалыс қатысушыларынбелгілі бір жер теліміндегі арнайы жол жүру шарттары туралы, күрделі көлік айырымынан өту ережелері туралы қосымша ақпараттармен, сонымен қатар стандартты жол белгілерінің көмегімен беруі қиындайтын немесе мүмкін болмайтын ақпаратттарды беруді қамтамасыз етеді.

Негізгі артықшылықтары:

  • Жеке жобалау белгілерін реттеудің модульдік жүйесін пайдалану құрастыруды және белгілерді нысанға тасымалдау шығындарын едәуір қысқартады;
  • Бекітудің әмбебап жүйесі белгілерді орнатуға арналған тіреулердің әртүрлі қиыстыруын пайдалануға мүмкіндік береді, сонымен қатар белгінің әлдеқашан орнатылған тіректерде дәл көлденең жайғастыруға мүмкіндік береді.
  • Профильдерді бекітетін бірегей сызбалардың арқасында, белгінің беріктігі анағұрлым арта түседі және сонымен бірге құрылымның жалпы салмағының үйлесімділігі сақталады. • Жол белгілеріне бекітілген әмбебап бекіткіштер тотығуға қарсы қаптамамен қапталған (мыршпен қапталған).
Менеджермен хабарласу қажет

Контакты:

Дорожное оборудование
Телефон: (044) 494-35-38;
Факс: (044) 495-23-36;
E-mail: td@euroformat.com

Адрес:

г. Киев, Украина, 04073,
ул. Куреневская, 21 лит. “Г”